Мирзиёев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің ашылу жиналысында сөйледі
Мирзиёев: «2030 жылға дейін барлық саланы технология мен инновацияға бағытталған өсу моделіне айналдырып, осылайша экономиканың көлемін 240 миллиард доллардан асыруды мақсат етеміз», — деді.
Мирзиёев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің ашылу жиналысында сөйледі
Мирзиёев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің ашылу жиналысында сөйледі / Reuters

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев технология мен инновацияға негізделген трансформация арқылы ел экономикасының көлемін 2030 жылға қарай 240 миллиард доллардан асыруды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

Азия даму банкінің Басқарушылар кеңесінің отырысы «Прогрестің бетбұрыс кезеңі: Аймақтың өзара байланысқан болашағын қалыптастыру» тақырыбымен Самарқандтағы «Жібек жолы» көрме және конгресс кешенінде жалғасуда.

Шараның екінші күнінде «Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің ашылу жиналысы» өтті. Мирзиёев мұнда сөйлеген сөзінде өз елінің мыңдаған жылдық тарихы бар екеніне және Ұлы Жібек жолының қиылысында орналасқанына назар аударып, шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын орталық екенін атап өтті.

Өзбекстан экономикасының жаңа даму кезеңін бастан өткеріп жатқанын білдірген Мирзиёев соңғы жылдары ел экономикасына 150 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылғанын және мыңдаған заманауи кәсіпорын құрылғанын жеткізді.

Мирзиёев 2020 жылдан бері Өзбекстанның несиелік рейтингінің үздіксіз жақсарып келе жатқанын және жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, ел экономикасының осы жылдың бірінші тоқсанында 8,7% өскенін мәлімдеді.

Азия даму банкімен серіктестік аясында шамамен 16 миллиард долларлық жоба жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек еткен Мирзиёев: «Біз Банкімен кедейлікті азайту, адами капиталды дамыту және заманауи инфрақұрылым салу сияқты маңызды салалардағы тығыз ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтудің нақты жоспарларын белгіледік. Осыған орай, өткен күні банкпен 12 миллиард долларлық жаңа ынтымақтастық бағдарламасына қол қойдық», — деді.

Технология дәуірінде маңызды пайдалы қазбалар үшін бәсекелестіктің артып келе жатқанын түсінетіндерін білдірген Мирзиёев өз елінің маңызды минералдармен қатар көптеген кен орындары бойынша бай резервке ие екенін айтып, сөзін былай жалғастырды:

«Бұл әлеуетті тиімді пайдалану мақсатында кореялық серіктестерімізбен бірлесіп ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығын құрдық және Ташкент пен Самарқанд облыстарында “Future Metals” технопаркін салып жатырмыз. АҚШ, Қытай және Түркияның жетекші компанияларымен ынтымақтастықта құны 1,6 миллиард доллар болатын 70-тен астам жобаны жүзеге асырдық».

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді