Вице-президент Жевдет Йылмаз Арменияның астанасы Ереванда өткен Еуропа саяси қоғамының 8-ші саммитінің ашылу рәсімі мен отырысына қатысты.
Карен Демирчян атындағы спорт және концерт кешенінде қонақтарды қарсы алған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен қол алысқан Йылмаз ашылу рәсімінен кейін ашылу сессиясына да қатысып, басқа көшбасшылармен ортақ фотосуретке түсті.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның атынан саммитке қатысып отырған Йылмаздың бүгін екіжақты кездесу өткізуі де күтілуде.
Саммитке Украина президенті Владимир Зеленский, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Италия премьер-министрі Джорджиа Мелонимен қатар 40-тан астам елдің көшбасшысы қатысуда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»


















