САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Ормуз бұғазынан кемелерді шығару үшін әскери-теңіз миссиясын бастады
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі таңынан бастап америкалық кемелердің Ормуз бұғазынан өтетін бейтарап шетелдік кемелерге ілесіп жүре бастайтынын мәлімдеді.
АҚШ Ормуз бұғазынан кемелерді шығару үшін әскери-теңіз миссиясын бастады
АҚШ Ормуз бұғазынан кемелерді шығару үшін әскери-теңіз миссиясын бастады. / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық кемелердің дүйсенбі күнінен бастап бейтарап шетелдік кемелердің Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуі үшін ілесіп жүретінін жариялап, бұл бастаманы «гуманитарлық шара» деп атады.

Трамп бұл бастамаға «Еркіндік жобасы» деп атағанын және көптеген кеменің тұрып қалып, негізгі қажеттіліктер бойынша қиындыққа тап болғанын айтты. Сонымен қатар ол Израильдің Kan News арнасына Иранның соғысты аяқтау үшін ұсынған соңғы ұсынысын қарастырып жатқанын және оны «қабылдауға болмайтынын» жеткізді.

Трамп бұл ұсынысты қабылдамағанына қарамастан, АҚШ жексенбі күні Тегеранның 14 тармақтан тұратын соңғы ұсынысына жауап ретінде қайта қаралған жаңа келісім жобасын ұсынды.

Осы арада АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) өз күштерінің 4 мамырда «Еркіндік жобасын» қолдауға кірісетінін растады.

Бұл миссия басқарылатын зымыранды жойғыш кеме, 100-ден астам ұшақ және 15 000 әскери қызметкермен қамтамасыз етілген.

Ормузда шиеленіс күшейіп келеді

Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары қызметі, Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласынан шамамен 125 шақырым солтүстікте бір танкер белгісіз нысандармен соққыға ұшырағаны хабарлаған болатын. Экипаж толықтай аман қалғанымен, шабуылдың қайдан жасалғаны әзірге белгісіз.

Иран Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы Ибрахим Азизи Трамптың соңғы мәлімдемесіне жауап ретінде Ормуз су жолына қатысты кез келген АҚШ араласуы атысты тоқтату келісімін бұзу ретінде қарастырылатынын ескертті.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ өзі ұстаған кеме мен оның экипажын Иранға қайтару үшін Пәкістанға тапсырды
Іздеу
Министр Фидан: "Біздің басты ерекшелігіміз – жүргізіп отырған саясатымыздағы тұрақтылық"
АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі»
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды
Израиль басып алған Шығыс Иерусалимде бір монах әйел соққыға жығылды
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді
Трамп Иранға қарсы блокаданы ұзартуға тапсырма берді
Мұнай бағасы артты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді