Беньямин Нетаньяху елде 27 қазанда өтетін сайлау қарсаңында қоқан-лоққысын жалғастырып, «алдарында тұрған басты міндет — Иран билігін құлату» деп мәлімдеді.
Израиль Премьер-министрі кеңсесінің хабарлауынша, Нетаньяху Қорғаныс министрі Исраэль Кац, Бас штаб бастығы Эяль Замир және басқа да қолбасшылармен Тель-Авивтегі Кирья қорғаныс кешенінде кездесті.
Кездесу барысында Нетаньяху Иран тарапынан төнген қатердің бетін қайтарғандарын алға тартып, Тегеран билігі «әлсіреп, бұрын-соңды болмаған осал күйге түсті» деп мәлімдеді.
«Алдымызда тұрған басты міндет — Иран билігін құлату. Бұл кез өз мүмкіндіктерімізге сенеміз», — деген Нетаньяху мұның жүзеге асыруға болатын міндет екенін алға тартты.
Нетаньяху Иран Израильдің қарымта жауабынан қауіптеніп, оларға шабуыл жасамағанын айтып, ел ішінде бірлік бар екенін мәлімдеді.
Израильде 27 қазанда өтетін сайлау қарсаңындағы қоғамдық сауалнамалар бұрынғы Бас штаб бастығы Гади Айзенкоттың «Яшар» партиясы сайлау бәсекесінде алда келе жатқанын көрсетіп отыр.
Ал сауалнамаларда қолдауы төмендеген Нетаньяху қоқан-лоққысын күшейтіп келеді.



















