САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Израиль президенті Трамптың елге көрсетілетін көмекті тоқтату туралы шешімі өзін «жай түскендей күйге түсіргенін» айтты.
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп (МҰРАҒАТ).

Израиль президенті Ицхак Герцог АҚШ президенті Дональд Трамптың Израильге бөлінетін 4 миллиард долларлық көмекті тоқтату туралы шешімі туралы алдын ала білмегенін айтып, «Бұл шешім мені төбемнен жай түскендей күйге түсірді», – деді.

“The Times of Israel” газетінің хабарлауынша, Израильдегі оппозициялық блоктың ең ықпалды партиясы «Яшар» делегациясымен өткен кеңес барысында президент Герцог: «Америкалық көмектің тоқтатылуы мені қатты алаңдатып отыр. Өте қатты», – деді.

Трамптың АҚШ-та аралық сайлау өткен 3 қараша күні Израильге бөлінетін 4 миллиард долларлық көмекті тоқтату туралы шешіміне қатысты Герцог: «Бұл шешім мені төбемнен жай түскендей күйге түсірді», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Вашингтонмен қарым-қатынасты сақтау үшін Израильде үкімет құрылуы және тағы бір мәрте сайлау өткізілмеуі керек екенін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қараша күні Израильге бөлінетін  4 миллиард долларлық көмектің тоқтатылатынын жариялаған болатын.

Жыл соңына дейін Израильге берілетін көмекті тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін айтқан Трамп: «Енді Израильге қаржы бөлмейміз», – деген еді.

Іздеу
Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
«Галатасарай» «Штутгартты» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ұпай санын 6-ға жеткізді
АҚШ-тағы аралық сайлау: Сенатта басымдық демократтарда
Ғалым Джеффри Хинтон жасанды интеллектінің қаупін Чернобыль апатымен салыстырды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездесті
Иран АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Түркі мемлекеттері 2027 жылы ортақ жерсерік ұшыруды жоспарлап отыр
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыладық»
Ресей Түркі Мемлекеттері Ұйымына қосылуға дайын екенін білдірді
Президент Ердоған әуеден Қазақстанға жолдау жіберді
Түркиялық оқушы Эйнштейн олимпиадасында математикадан әлем чемпионы атанды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяда
АҚШ қараша айында Ресей-Украина бейбітшілік келіссөздеріне дәнекерлік етеді