САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Трамп Ормуз бұғазының АҚШ бақылауында екенін алға тартып, мұнай тиелген кемелердің осы бағыт арқылы өтетінін айтты.
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Дональд Трамп Ақ Үйде ұйымдастырылған кешкі ас барысында Иранға қатысты пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалған шабуылдар мен экономикалық санкциялардың Израильмен қатар Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Дональд Трамп Ақ Үйде ұйымдастырылған кешкі ас барысында Иранға қатысты пікір білдірді.

Иранға қарсы шабуылдар мен экономикалық санкциялардан кейін ел экономикасы «толығымен күйреді» деп мәлімдеген Трамп: «Мұның бәрін 99 пайыз Таяу Шығысқа және Израильге көмектесу үшін жасап жатырмыз. Сонымен қатар өзімізге де көмектесіп жатырмыз. Өйткені олар Израильді жойғаннан кейін Таяу Шығысқа, одан соң Еуропаға және біздің кейбір қалаларымызға шабуыл жасайды. Ал мұны олар үлкен ықыласпен жасар еді. Себебі АҚШ оларды жоймас бұрын олар бірнеше қаланы жойып үлгеруі мүмкін», – деді.

Трамп Ормуз бұғазының АҚШ-тың бақылауында екенін айтып, мұнай тиелген кемелердің бұғаз арқылы өтетінін жеткізді.

АҚШ президенті бұған дейінгі мәлімдемесінде Иранға қалаған уақытта қайтадан шабуыл жасауға дайын екенін айтқан және Ормуз бұғазының толықтай АҚШ бақылауында екенін алға тартқан болатын.

Іздеу
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»