ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жарылыстан кемінде жеті адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды.
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды / Reuters

«Global Times» басылымының хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт 01:40 шамасында Синъань аймағында болған.

Полицияның алдын ала тергеу нәтижесіне сәйкес, жарылыс газ құбырының немесе соған ұқсас себептерден болмаған. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себебін анықтауда.

Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілген, жағдайлары тұрақты.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Синъань аймағы минералдарға және ауыл шаруашылығы ресурстарына бай таулы аймақта орналасқан.