АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның түптің түбінде берілуге мәжбүр болатынын айтып, соңғы бірнеше аптада Ормуз бұғазы арқылы көп мұнай тасымалданғанын мәлімдеді. АҚШ президенті Трамп Ақ Үйдің ауласында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Иран мәселесіне қатысты пікір білдірген Трамп Тегеранның жағдайы жақсы емес екенін айтты.
«Иран берілуге немесе ымыраға келуге дайын ба?» деген сұраққа АҚШ президенті: «Әзірге олар беріле ме, жоқ па, білмеймін. Бірақ түптің түбінде беріледі. Олардың жағдайы өте нашар», — деп жауап берді.
«Ормуз бұғазы арқылы көп мөлшерде мұнай тасымалданып жатыр»
Трамп соңғы уақытта Ормуз бұғазы арқылы өте көп мөлшерде мұнай тасымалданғанын айтты. Ол: «Соңғы бірнеше күнде Ормуз бұғазы арқылы ауқымды көлемде мұнай тасымалдадық», — деді.





















