САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Грекия премьер-министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қат
«Түркия мен Грекия арасында тарихи мәселелерден туындаған нәзік қарым-қатынас бар».
Грекия премьер-министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қат
Грекия премьер-министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынасқа да тоқталды

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис елінің Түркиямен қарым-қатынасы туралы: «Географиямызды өзгерте алмаймыз, көршілес болу — біздің тағдырымыз», — деді.

Кириакос Мицотакис Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөйлеген сөзінде Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынасқа да тоқталды.

«Соңғы үш жылда қарым-қатынасымызды жақсарту, өзара сенімді нығайту және дағдарыстарға алып келуі мүмкін шиеленістердің алдын алу үшін диалог орнатуға күш салып келеміз», — деді ол.

Мицотакис Түркия мен Грекия арасында тарихи мәселелердің салмағы сезілетін нәзік қарым-қатынас бар екенін айтып, өңірлік және ауқымды халықаралық өзгерістерді ескере отырып, бұдан әрі қалай әрекет ету керектігі жөнінде шүғыл ортақ келісімге келу қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, бұл келісім халықаралық құқық пен тату көршілік қатынастарын құрметтеуге негізделуі тиіс.

«Бұған дейін де бірнеше рет атап өткенімдей, географиямызды өзгерте алмаймыз, көршілес болу — біздің тағдырымыз», — деді Мицотакис.

Грекия премьер-министрі Түркия мен Грекия арасындағы жалғыз келіспеушілік Айрықша экономикалық аймақтың (АЭА) және құрлықтық қайраңның шекараларын белгілеуге қатысты екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы бұл мәселелерді шешудің жалғыз институционалдық негізі екенін алға тартты.

Кириакос Мицотакис Кипр мәселесіне де тоқталып, оны БҰҰ шешімдерінің орындалу деңгейін айқындайтын мәселе деп бағалады.

Грекия премьер-министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің осы мәселе бойынша келіссөздерді қайта бастауға бағытталған күш-жігерін қолдайтындарын да мәлімдеді.

 

Іздеу
«ROKETSAN»-ның «KARAOK» жүйесі алғаш рет әуедегі нысананы жойды
Украинадан эвакуацияланған Ахыска түріктері Түркия азаматтығын алды
Ұлыбритания премьер-министрі Бернхэм: «Газа мен Батыс Шериядағы жағдайға үнсіз қалмаймыз»
Трамп: "Газаға миллиардтаған доллар көмек көрсетіледі"
Боксшы Хатидже Акбаш Еуропа чемпионатының жартылай финалында
Түрік үйінде Түркия–Сирия–Сауд Арабиясы кездесуі өтті
АҚШ президенті Трамп Ресей президенті Путиннен "соғысты тоқтатуды" сұрады
Президент Нью-Йоркте екіжақты кездесулер өткізді
Украина президенті Зеленский Трамппен кездесуден кейін пікір білдірді
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Ердоған: "Палестина мемлекетін тұншықтыру әрекеттері сәтсіздікке ұшырайды"
Иран Cыртқы істер министрі АҚШ президентінің кеңесшілерімен кездесті
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Президент Ердоғанның БҰҰ мінберіндегі мәлімдемесі әлемнің назарын аударды
Франция президенті Макрон Газадағы жағдайдың баршаға ұят екенін айтты