САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ұлыбритания премьер-министрі Бернхэм: «Газа мен Батыс Шериядағы жағдайға үнсіз қалмаймыз»
«Балалармен қатар көптеген адам қаза тапты».
Ұлыбритания премьер-министрі Бернхэм: «Газа мен Батыс Шериядағы жағдайға үнсіз қалмаймыз»
Ұлыбритания премьер-министрі Бернхэм

Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бернхэм Израильдің Батыс Шерия мен Газадағы әрекеттеріне үнсіз қалмайтындарын мәлімдеп, «Балалармен қатар көптеген адам қаза тапты. Аймаққа өте аз гуманитарлық көмек кіріп жатыр», – деді.

Энди Бернхэм АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ұлыбританияның Таяу Шығысқа қатысты ұстанымын қайта қарағанын айтып, бірқатар елмен бірге нақты қадам басып жатқандарын мәлімдеді.

Бернхэм Израильдің 2023 жылғы 7 қазанда бастан өткерген оқиғалары оның Газа мен Батыс Шериядағы әрекеттерін ақтай алмайтынын атап өтті.

«Балалармен қатар көптеген адам қаза тапты. Аймаққа өте аз көмек кіріп жатыр. Бұл жағдай тым ұзаққа созылды. Адамдардың азабы күшейіп, екі халық үшін де ең тиімді жол саналатын екі мемлекет қағидатына негізделген шешімге қауіп төніп тұрған кезде біз үнсіз қала алмаймыз», – деді ол.

Бернхэм Израильдің Батыс Шерияда салуды жоспарлап отырған заңсыз қоныстарына да қарсылық білдірді.

«Бұған жол беруге болмайды. Сондықтан біз нақты шара қабылдап, заңсыз қоныстармен сауда жасауға тыйым салдық. Израильдің Палестина аумағын басып алуы заңсыз екенін мәлімдедік. Қайғы-қасірет пен адам өлімі тоқтағанын қалаймыз. Израильдіктер мен палестиналықтардың бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында өмір сүргенін қалаймыз», – деді Бернхэм.

Ол екі мемлекет қағидатына негізделген шешім туралы көп айтылып, бірақ оны жүзеге асыруда нәтиже болмауы саяси институттарға деген сенімді әлсіреткенін атап өтті.

«Қарсыластарымыз бұл жағдайды өз мүддесіне пайдалануға тырысуы мүмкін», – деді Энди Бернхэм.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты