САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Украина президенті Зеленский Трамппен кездесуден кейін пікір білдірді
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Украина президенті Зеленский Трамппен кездесуден кейін пікір білдірді
Украина президенті Владимир Зеленский Нью-Йорк қаласында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған Украина президенті Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен екіжақты кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Зеленский Украина мен Ресей арасындағы соғысты мүмкіндігінше тезірек аяқтау қажеттігін айтып, «Меніңше, бәріміз мүмкіндігінше тезірек әрекет етуіміз керек», – деді.

Зеленский 2022 жылғы ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысын аяқтау үшін ел басшыларының кездесуі қажет екенін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»

Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін айтқан Зеленский Трамптың АҚШ, Ресей және Украина басшыларының саммитін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізе алатынын білдірді.

Украина президенті мұндай кездесу өткен жағдайда үш елдің басшылары соғысқа қатысты ең маңызды мәселелерді талқылай алатынын айтып, «Үшжақты кездесуге дайынмын, бірақ Путин бұған дайын деп ойламаймын. Ол соғысты аяқтауға дайын емес», - деді.

Зеленский кездесуде соғыс аясында энергетикалық бітімге қол жеткізу мәселесі де талқыланғанын айтып, «Егер Ресей біздің энергетика секторымызды нысанаға алмаса, біз энергетикалық бітімге дайынбыз», - деді.

Зеленский мұндай бітімге қол жеткізу үшін Украинаның ұсыныстарын АҚШ Ресейге жеткізетінін хабарлады.

Сондай-ақ Зеленский “Patriot” әуе қорғанысы жүйесінде қолданылатын зымырандарды өндіруге қажетті лицензияны бұған дейін АҚШ-тан сұратқанын еске салып, осы мәселе бойынша америкалық тиісті лауазымды тұлғалармен жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты