МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Анкарада 66 миллион жылдық қазба табылды
Күлхөйүктегі бұл жаңалық ежелгі тұрғындардың тым көне дәуірлерден қалған заттармен қалай байланыс орнатқанын анықтауға мүмкіндік беруі мүмкін.
Анкарада 66 миллион жылдық қазба табылды
Тетис теңізінің жағалауында тіршілік еткен бауыраяқты ұлу («Gastropoda») / Anadolu Agency

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Анкараның Гөлбашы ауданындағы Күлхөйүк қазба жұмыстары кезінде 66 миллион жыл бұрын Тетис теңізінің жағалауында тіршілік еткен бауыраяқты ұлудың («Gastropoda») қазба қалдығы табылғанын хабарлады.

Ерсой: «Бұл қазба қалдығын мыңдаған жыл бұрын Күлхөйүк тұрғындары елді мекенге өздері алып келген болуы мүмкін деген болжам жаңалықтың маңызын одан әрі арттыра түседі», – деді.

Министр Ерсой Анкарадағы Күлхөйүкте тағы бір назар аударарлық жаңалық ашылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, бұған дейін Күлхөйүктен 4 мың жылдық хет ыдысының ішінен «Махаббат гүлі» деп аталатын өсімдіктің осы уақытқа дейін белгілі ең көне тұқым қалдықтары табылған еді. Ал бұл жолғы жаңалық Анкараның миллиондаған жылдарға созылатын табиғи тарихынан сыр шертеді.

Министр: «Гөлбашы ауданындағы Ояджада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 66 миллион жыл бұрын Тетис теңізінің жағалауында тіршілік еткен бауыраяқты ұлудың қазба қалдығы табылды. Оның Орталық Анадолыны да қамтыған Тетис теңізінің соңғы кезеңіне тиесілі екені болжанып отыр. 5 мың жылдық тарихы бар Хатти және Хет өркениеттерінің Күлхөйүк қаласынан табылған бұл қазба қалдығын мыңдаған жыл бұрын сол жердің тұрғындары елді мекенге алып келген болуы мүмкін деген болжам жаңалықты одан сайын қызықты ете түседі. Президент шешімімен тұрақты түрде жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары аясында министрлігіміз бен Анкара университетінің атынан доцент, доктор Дерья Йылмаз Текиннің жетекшілігімен Күлхөйүктің тарихын жаңа деректер арқылы зерттеуді жалғастырамыз», - деді.

Орталық Анадолының миллиондаған жыл бұрынғы ізі

Күлхөйүк қазба алаңынан табылған «Gastropoda» қазба қалдығы 66 миллион жыл бұрын Тетис теңізінің жағалауында тіршілік еткен бауыраяқты ұлуға тиесілі.

Ғалымдардың болжамынша, қазба шамамен 250 миллион жыл бұрын қалыптаса бастаған және Орталық Анадолы аумағын да қамтыған Тетис теңізінің соңғы кезеңінен қалған.

Қазба қалдығы Күлхөйүкке мыңдаған жыл бұрын әкелінген болуы мүмкін

5 мың жылдық Хатти және Хет қаласы Күлхөйүктен табылған бұл қазба қалдығын мыңдаған жыл бұрын елді мекен тұрғындары осында алып келген болуы мүмкін.

Бұл болжам миллиондаған жыл бұрын қалыптасқан табиғи нысанның кейінгі дәуірлерде Күлхөйүк тұрғындарының мекеніне қалай жеткізілгеніне қатысты жаңа зерттеулерге жол ашады.

Күлхөйүктегі археологиялық қазба жұмыстары 2021 жылдан бері президент шешімімен тұрақты қазба мәртебесінде Анкара университеті мен Мәдениет және туризм министрлігі атынан доцент, доктор Дерья Йылмаз Текиннің жетекшілігімен жүргізіліп келеді.

Анкараның археологиялық тарихына қатысты маңызды деректер табылған Күлхөйүк бұл жолы адамзат тарихынан да әлдеқайда ерте кезеңге тиесілі табиғи ізді сақтап отырғанын көрсетті.

 

 

Іздеу
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
Путин БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанға барды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ЖИ қауіпті қаруға айнала ма? “Anthropic” жаңа қатерлерді анықтады
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Сирия АЭХА шешімін құптады