ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Бейрутқа шабуыл жасады
Израиль армиясы бітімге қарамастан Ливан астанасы Бейруттың Дахия ауданына әуе шабуылын жасады.
Израиль Бейрутқа шабуыл жасады
Израиль армиясы Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданына әуеден соққы берді. (Мұрағаттық сурет)

Израиль ұшақтары алдын ала ескерту жасамай, Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданын бомбалады.

Нысанаға алынған аймақтан түтін көтерілді.

Израиль армиясының өкілі Авихай Адраи әлеуметтік желідегі парақшасында Израиль армиясы Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданында «Хезболлаға тиесілі инфрақұрылым нысанын» шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Беньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың бірлескен мәлімдемесінде шабуылдың бүгін таңертең «Хезболланың» Израильдің солтүстігіне зымыран атуына жауап ретінде жасалғаны айтылды.

Сонымен қатар Израильге тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараттары түскі уақыттан бері Ливан әуе кеңістігінде төмен биіктікте ұшып жүр.

Таңертең Израильдің солтүстігінде дабыл сиреналары қосылған болатын. Израиль армиясы Ливан аумағынан ұшырылған екі зымыранның шекарадан өткеннен кейін тосқауыл қойылып жойылғанын мәлімдеді.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаның 3 маусымдағы бітімнен кейінгі алғашқы зымырандық шабуыл болғанын хабарлады.

Ал Израильдің Қаржы министрі Бецалель Смотрич оқиғадан кейін “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Дахия» деп жазып, Бейруттың Дахия ауданына шабуыл жасауға шақырған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
Іздеу
Иран–Израиль қақтығысы ушыға түсті
Ливанның оңтүстігінде шиеленіс артты
Өкілдер палатасы АҚШ пен Израильдің әскери ынтымақтастығын қолдады
Иран: «Зымырандарымыз дайын»
Стубб ЕО құрамын 40 елге дейін кеңейтуді ұсынды
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Солтүстік Корея басшысы ядролық өндірістің артқанын мәлімдеді
Қырымда дрон шабуылынан үш адам қаза тапты
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
«Еуропаның әскери көмегі Украинадағы дрон өндірісін жеделдетуде»
Ұлыбританияда Израильмен байланысы бар “Palantir”-ге сын күшейді
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Иран шабуылынан зардап шеккен Кувейт әуежайында рейстер қайта басталды
Тегеран АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады
Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
Израильдік туристерді тасымалдаған кеме наразылыққа тап болды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
Иранның Кешм аралында жарылыс болды
Иран Кувейт халықаралық әуежайына шабуылдады