ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Кашмирде 7 адам қаза тапты
Қақтығыс салдарынан төрт полиция қызметкері мен үш бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған адам жараланды.
Кашмирде 7 адам қаза тапты
МҰРАҒАТ: Пәкістан бақылауындағы Кашмирдің Музаффарабад қаласында өткен жаппай ереуілден кейін Кашмир халқын қолдап ұран салып жатқан адамдар. / Reuters

Қауіпсіздік күштері мен экономикалық және басқару саласындағы реформаларды талап ететін, бірақ жақында қызметіне тыйым салынған қозғалыс жақтастары арасындағы қақтығыс салдарынан төрт полиция қызметкері мен үш бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Билік өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, Пәкістан бақылауындағы Кашмирде полиция мен тыйым салынған белсенділер тобының мүшелері арасындағы қақтығыстарда жеті адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алған.

Экономикалық және әкімшілік реформаларды талап ететін әрі үкімет саясатына қарсы ұстанымдағы Біріккен халықтық іс-қимыл комитетінің (JAAC) жақтастары жергілікті билік ұйымға терроризмге қарсы заңдар негізінде тыйым салғаннан кейін де наразылық акцияларын жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

Равалакот қаласының жоғары лауазымды азаматтық әкімшілік өкілі, комиссар Сардар Уахид “AFP” агенттігіне үш бейбіт тұрғынның қаза тауып, 40 адамның жараланғанын хабарлады.

Полиция төрт полиция қызметкерінің қаза тапқанын және тағы 23 қызметкердің жараланғанын растады.

Полицияның хабарлауынша, жексенбі күні JAAC ұйымының орталық кеңсесі мөрленіп жабылған. Сондай-ақ Пәкістан бақылауындағы Кашмирдің ең ірі қаласы Музаффарабадта жаппай жиналыс өткізуге тыйым салынған.

“AFP” тілшісінің мәліметінше, Музаффарабадтағы кәсіпорындар ашық болғанымен, дүйсенбі күні қауіпсіздік күштері қала көшелерінде патруль жүргізген.

JAAC мүшелері өздерінің «террористік ұйым» ретінде сипатталуын «қысым көрсету» деп бағалап, заңды экономикалық және саяси құқықтары үшін күресіп жатқанын айтады.

Билік демалыс күндері JAAC ұйымының 70-тен астам мүшесінің ұсталғанын растады.

Өткен жылдың қыркүйек айында да Гималай өңірінде полиция мен JAAC жетекшілік еткен наразылық білдірушілер арасында бірнеше күнге созылған қақтығыс болып, тоғыз адамның қаза тапқаны расталған еді.

Іздеу
Израиль Бейрутқа шабуыл жасады
Ливанның оңтүстігінде шиеленіс артты
Өкілдер палатасы АҚШ пен Израильдің әскери ынтымақтастығын қолдады
Иран: «Зымырандарымыз дайын»
Стубб ЕО құрамын 40 елге дейін кеңейтуді ұсынды
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Солтүстік Корея басшысы ядролық өндірістің артқанын мәлімдеді
Қырымда дрон шабуылынан үш адам қаза тапты
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
«Еуропаның әскери көмегі Украинадағы дрон өндірісін жеделдетуде»
Ұлыбританияда Израильмен байланысы бар “Palantir”-ге сын күшейді
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Иран шабуылынан зардап шеккен Кувейт әуежайында рейстер қайта басталды
Тегеран АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады
Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
Израильдік туристерді тасымалдаған кеме наразылыққа тап болды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
Иранның Кешм аралында жарылыс болды
Иран Кувейт халықаралық әуежайына шабуылдады