2026 жылғы Әлем күрес чемпионаты 2019 жылдан кейін қайтадан Қазақстанның астанасы Астанада өтеді.
«Барыс Аренада» 9 күнге созылатын чемпионат грек-рим, әйелдер және ерлер еркін күресінен 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі.
Чемпионатқа 30 спортшымен қатысатын ұлттық құрама барлық салмақ дәрежесінде медаль үшін бақ сынайды.
Чемпионаттағы жарыстар грек-рим күресінен 24-27 қазан, әйелдер арасында 27-30 қазан, ал еркін күрестен 29 қазан - 1 қараша аралығында өтеді.
Грек-рим күресімен басталатын чемпионатта ертең 55, 60, 77 және 82 келіде іріктеу, ширек финал және жартылай финал белдесулері өткізіледі.
Түркия намысын 55 келіде Өмер Халис Реджеп, 60 келіде Энес Башар, 77 келіде Ахмет Йылмаз, ал 82 келіде Юксел Сарычичек қорғайды.
Ең көп әлем чемпионы атағын жеңіп алған түрік балуаны Рыза Каяалп чемпионат тарихындағы 6-шы алтын медалін еншілеу үшін бозкілемге шығады.


























