СПОРТ
1 ... минут оқылды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду бас бапкер Джорже Джезуш Данияға қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықпайтынын айтқаннан кейін Португалия құрамасының лагерінен кетіп қалған еді. Ал Португалия Роналдусыз өткен Ұлттар лигасы матчында 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду / Reuters

Португалия құрамасының бас бапкері Джорже Джезуш командаластарын тастап кеткеніне қарамастан, Криштиану Роналду қаласа, ұлттық құрамаға қайта орала алатынын мәлімдеді.

Португалия Норвегияны жеңіп, Ұлттар лигасының ширек финалына шыққаннан кейін жексенбі күні мәлімдеме жасаған Джезуш 41 жастағы шабуылшы «Әл-Наср» сапында ойнап жүрсе де, ұлттық құрамаға қайта шақырылуы мүмкін екенін айтты.

Келіспеушілік өткен апта Джезуштің Норвегияға қарсы алғашқы жеңісті матчта Роналдуды қосалқы құрамда қалдыруынан басталған еді. Кейін Роналду Данияға қарсы ойында да негізгі құрамда болмайтынын білген соң, сәрсенбі күні ұлттық құрама лагерінен кетіп қалды. Ал Португалия бұл кездесуде 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Джезуш қараша айындағы келесі матч алдында Роналдумен сөйлесуге дайын екенін айтып, «Шешімді Крис өзі қабылдайды», — деді.

Футболдағы соңғы жылы ма?

Португалия құрамасы тарихындағы ең көп гол соққан әрі ұлттық құрама сапында ең көп матч өткізген Роналду ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін 2003 жылы 18 жасында өткізген. Ол алты әлем чемпионатына қатысқан.

Роналду биылғы жыл оның футболдағы соңғы жылы болуы мүмкін екенін бұған дейін айтқан еді.

Ал Роналдудың көп жылдан бергі басты қарсыласы Лионель Месси сейсенбі күні Буэнос-Айресте Бенин құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуде Аргентина сапында соңғы матчын өткізеді.

 

Іздеу
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты