СПОРТ
1 ... минут оқылды
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды
2026 жылғы АҚШ ашық теннис турнирі осы демалыс күндері «Arthur Ashe» стадионында өткен әйелдер мен ерлер арасындағы финалдық кездесулермен аяқталды.
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
 

Әйелдер рейтингінде бірінші орынға көтерілген Елена Рыбакина сенбі күні өткен финалда Арина Соболенконы 6:4, 5:7 және 6:2 есебімен жеңіп, қарсыласының АҚШ ашық чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.

2014 жылы Серена Уильямстан кейін АҚШ ашық чемпионатында ешбір теннисші қатарынан үш рет чемпион атанбаған еді. Бұл жеңіс Рыбакинаның 2022 жылғы Уимблдон және биылғы Австралия ашық чемпионатындағы жеңістерінен кейінгі үшінші «Grand Slam» титулы болды.

Осы нәтижемен Рыбакина әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.

Ерлер арасында Александр Зверев жексенбі күнгі финалда америкалық Бен Шелтонды 6:3, 7:6(2), 5:7 және 6:2 есебімен жеңді. Осылайша ол маусым айындағы Франция ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін биылғы екінші «Grand Slam» титулына қол жеткізді.

2003 жылы Энди Роддик АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жеткеннен бері америкалық ер теннисшілердің ешқайсысы «Grand Slam» турнирінде топ жарған жоқ. Соған қарамастан Шелтон 1972 жылы Артур Эштен кейін АҚШ ашық чемпионатының финалына шыққан алғашқы қара нәсілді америкалық теннисші ретінде тарихқа енді.

Екі чемпион да жеңістері үшін 5,5 миллион доллар көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ал финалда жеңілген Соболенко мен Шелтонға 2,8 миллион доллардан берілді.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»