СПОРТ
1 ... минут оқылды
Боксшы Хатидже Акбаш Еуропа чемпионатының жартылай финалында
Жартылай финалға шыққан Хатидже Акбаш: «22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Еуропа чемпионы атанғанмын. Енді ересектер арасында да осы жетістікті қайталағым келеді».
Боксшы Хатидже Акбаш Еуропа чемпионатының жартылай финалында
Ұлттық құрама боксшысы Хатидже Акбаш

Түркия құрамасының боксшысы Хатидже Акбаш Болгарияда өтіп жатқан 2026 жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға шығып, жүлдені қамтамасыз етті.

Софиядағы «Asics Arena»-да өтіп жатқан жарыстың күндізгі сессиясында Хатидже Акбаш 51 келі салмақ дәрежесінде рингке шықты.

Әлем және Олимпиада жүлдегері Хатидже алғашқы раундта британиялық  Руби Уайтқа есе жібергенімен, екінші және үшінші раундтарда басымдық танытып, кездесуді 3:2 есебімен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды.

Хатидже Акбаш ертең жартылай финалда польшалық Наталия Кучевскамен кездеседі.

Алғаш рет 51 келі салмақта сынға түскен Хатидже осы жеңісінің арқасында кемінде қола жүлдені қамтамасыз етіп, бұған дейін қоржынында болмаған Еуропа чемпионатының медаліне қол жеткізді.

Ұлттық құрама спортшысының еншісінде Олимпиада ойындарының бір күміс жүлдесі, сондай-ақ әлем чемпионаттарының бір алтын және бір күміс медалі бар.

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”