СПОРТ
1 ... минут оқылды
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
Сабаленка мен Рыбакина бұған дейін кәсіби тур аясында 17 рет кездескен.
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
"US OPEN" ЧЕМПИОНАТЫ.
 

Бейсенбі күні өткен әйелдер арасындағы жартылай финалдың алғашқы кездесуінде турнирдің бірінші ракеткасы Арина Сабаленка үшінші ракетка Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Осымен қатарынан төртінші рет АҚШ ашық чемпионатының финалына шыққан Сабаленка үшінші жыл қатарынан чемпион атануды көздейді.

Турнирдің екінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші ракетка Коко Гауффты 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Гауфф алғашқы партияда басым түскенімен, екінші және үшінші партияларда Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алды.

Сенбі күні өтетін финал Рыбакинаның мансабындағы АҚШ ашық чемпионатының алғашқы финалы болмақ. Жартылай финалға шығу арқылы әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілетініне кепілдік алған Рыбакина Сабаленканың рейтинг көшіндегі 99 апталық үстемдігін аяқтады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда

Сабаленка мен Рыбакина бұған дейін кәсіби тур аясында 17 рет кездескен.

Сабаленка Индиан-Уэллс пен Майами ашық чемпионатының жартылай финалдарында өткен соңғы екі кездесуде жеңіске жеткен еді.

Ерлер арасындағы жартылай финал кездесулері жұма күні өтеді.

Бен Шелтон америкалық теннисшілер арасындағы жартылай финалда Фрэнсис Тиафомен кездеседі. Осылайша 2006 жылдан бері алғаш рет америкалық ер теннисшінің АҚШ ашық чемпионатының финалына шығатыны белгілі болды.

Екінші жартылай финалда Александр Зверев пен Карен Хачанов ойнайды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»