Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейдиді қабылдап, тараптар қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде келісімге келді.
Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы президент Ердоған Нью-Йоркте Ирак премьер-министрі Зейдиді қабылдағаннан кейін Түркия–Ирак бірлескен баспасөз мәлімдемесін жариялады.
Мәлімдемеге сәйкес, Түркия мен Ирак өкілдері екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың барлық қырын талқылап, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге уағдаласты. Осы аяда Синжарда мемлекеттік билікті толық орнату және тыйым салынған шетелдік қарулы құрылымдардың қызметін тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Ирактың қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қол жеткізген ілгерілеуін ескере отырып, Түркия күштері Башика–Зилкан базасын кезең-кезеңімен Ирактың Федералдық үкіметіне тапсырады.
Тараптар сондай-ақ екіжақты сауда мен инвестиция көлемін арттыру, қол қойылған келісімдерді дереу іске асыру және ең алдымен «Даму жолы» жобасын қоса алғанда, ортақ стратегиялық жобаларды жеделдету жөнінде ортақ пікірге келді.





















