Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды
Әзербайжанда өткен 1. Түркі әлемі композиторлар құрылтайынан кейін Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия және Түрікменстанның қатысуымен Түркі әлемі композиторлар одағын құру туралы шешім қабылданды.
Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды
Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды

Түркі мәдениеті мен мұрасы қорында Түркі мемлекеттерінің композиторларын, музыкатанушыларын және ірі музыкалық ұйымдарының өкілдерінің басын қосуды мақсат ететін Түркі әлемі композиторлар одағының құрылуына байланысты жиын өтті.

Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының төрайымы Ақтоты Райымқұлованың ұйытқы болуымен өткен жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Венгрия және Түрікменстанның музыка қауымдастығы өкілдері қатысты.

Кездесуде Түркі әлемі композиторлар одағын құру және одаққа 2027 жылға дейін Әзербайжан Композиторлар одағының төрайымы Фирангиз Ализаде төрағалық етуі туралы келісімге келінді.

Райымқұлова Түркі әлемі композиторлар одағының құрылуымен түркі халықтарының бай мұрасын жаңа шығармалар, кәсіби ынтымақтастық және халықаралық мәдени диалогтың бастау бұлағына айналдыратын жанды музыкалық кеңістік қалыптастыруды көздейтіндерін білдірді.

«Түркі әлемі музыкасын халықаралық аренада насихаттау мақсат етілуде»

Одақтың құрылуы Түркі әлемінің музыкалық дипломатиясы тарихында жаңа парақ ашқанын жеткізген Райымқұлова: «Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Олардың алғашқысы — Түркі әлемінің ортақ кәсіби музыкалық кеңістігін құру», — деді.

Райымқұлова Түркі әлеміндегі елдердің қуатты ұлттық композиторлық және орындаушылық мектептері бар екенін атап өтіп, Түркі әлемі композиторлар одағы осы шығармашылық әлеуетті біріктіріп, үздіксіз кәсіби ықпалдастық үшін тұрақты механизм қалыптастыруы қажеттігін айтты.

Райымқұлова Түркі әлемі музыкасын халықаралық аренада таныту да басты мақсаттардың бірі екенін білдіріп, классикалық және заманауи композиторлардың шығармалары әлемнің алдыңғы қатарлы сахналарында шырқалуы тиістігін, ал музыка елдердің мәдени дипломатиясының маңызды құралдарының біріне айналуы керектігін жеткізді.

Музыкалық мұраны сақтау мен цифрландыру да одақтың міндеттерінің қатарында болатынын айтқан Райымқұлова партитуралар, қолжазбалар, мұрағаттық материалдар, аудио және бейнежазбалар қорғалып, жаңа буын музыканттар мен зерттеушілердің бұл мұраға қол жеткізуі қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Іздеу
6-шы Дүниежүзілік Көшпенді Ойындарының жеңімпазы -  Қазақстан
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
Түркияның Түркі мемлекеттерімен сауда көлемі 10,1 миллиард долларға жетті
Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда
Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
Қазақстанда Құрылтай сайлауынан кейін үкімет таратылды
Өзбекстанда Тәуелсіздік мерекесіне орай рақымшылық жарияланды
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті
Ресей мұнайы Қазақстанда өңделеді
Бішкекте көше аттары ұлттық сипатқа ие болды
Ташкентте «Әзербайжан паркі» бой көтереді
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Түркі әлемінің археологтары Венгрияда кездесті
Қырғызстанда өтетін 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарының мәдени бағдарламасы таныстырылды
Түркиялық дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті