ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты
АҚШ президенті Дональд Трамп американдық теледидар желілерінің бойкот жариялауына өзінің «Trump TV» платформасын ашу арқылы жауап берді. Үздіксіз хабар тарату дүйсенбі кеште басталып кетті.
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты
Ақ Үй «Trump TV» арнасын құрды

Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты. Ақ Үй хабар таратудың 24 сағаттық режимде жүргізілетінін хабарлады.

Ақ Үй дүйсенбі күні кеште «Trump TV» деп аталатын онлайн хабар тарату арнасын ашты. Арнаның «маңызды бейнежазбаларды, ресми мәлімдемелер мен жіберіп алуға болмайтын сәттерді лезде жаңартып, аптасына 7 күн 24 сағат бойы» көрсететіні айтылды.

Арна өз жұмысын бастаған сәтте Трамптың 3 шілдеде Рашмор тауында сөйлеген сөзінің мұрағаттық кадрларын көрсетіп жатты.

АҚШ-тың ірі теледидар желілері “NBC”, “ABC”, “CBS” және “Fox News”, “CNN”, “Politico” мен “MS Now” президенттік ақпараттандыру жиындарынан шеттетілулеріне жауап ретінде кеше Ақ Үйдегі теледидар түсірілімдерін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Шеттетілген үш медиа ұйымы сонымен бірге Ақ Үйге кіру құқықтарын қайта қалпына келтіру мақсатында кеше Вашингтондағы федералдық апелляциялық сотқа шағым түсірді.

Сенбі күні Ақ Үйдің қауіпсіздік қызметі АҚШ президенті Дональд Трамптың тапсырмасына сәйкес аталған үш баспасөз ұйымының журналистерінің кіруіне тыйым салған болатын.

Өз шешімін жеке платформасындағы хабарламасы арқылы жариялаған АҚШ президенті Дональд Трамп «үздіксіз жалған жаңалық таратылуының салдары ретінде» бұл медиа ұйымдарының шеттетілгенін білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп өз хабарламасында президент, үкімет және АҚШ туралы үнемі негізсіз айыптаулар мен өтіріктердің таратылуын қабылдауға болмайтынын атап өтті.

Іздеу
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады