Израильдің қауіпсіздік саласындағы лауазымды тұлғалары қазіргі уақытта 14 сүңгуір қайығы бар және алдағы жылдары бұл көрсеткішті 18-ге жеткізуді жоспарлап отырған Түркия Әскери-теңіз күштерінің қуатын алға тартып, Тель-Авив басшылығына өз суасты флотын жаңа сүңгуір қайықтар сатып алып, олардың санын 8-ге дейін жеткізуді ұсынғаны хабарланды. Израиль күштері радиосының мәліметінше, Израиль Түркия Әскери-теңіз күштерінің суасты флотын күшейтуін жіті қадағалап отыр. Осыған байланысты Израиль Германия өндірісінің заманауи сүңгуір қайықтарын сатып алып, суасты флотын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Ақпаратта Түркияның қазір 14 сүңгуір қайығы бар екені және бұл санның 18-ге дейін арттырылатыны айтылды. Ал Израильде 5 сүңгуір қайық бар, алтыншы қайықтың жақын арада елге жеткізілмек.
Сондай-ақ қорғаныс саласының өкілдері суасты флотын 8 сүңгуір қайыққа дейін ұлғайту жөніндегі ұсынысты басшылыққа жеткізген. Алайда сүңгуір қайықтарда қызмет ететін мамандар санына қатысты мәселе Бас штаб деңгейінде әлі жан-жақты қаралмағаны айтылды.




















