МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Әлемге әйгілі итальян тенор Андреа Бочелли Стамбулда концерт берді
Әлемге танымал итальян тенор, ән авторы, әрі композитор Андреа Бочелли «Romanza» альбомының 30 жылдығына арнайы әзірленген дүниежүзілік турне аясында Стамбулда музыка сүйер қауыммен қауышты.
Әлемге әйгілі итальян тенор Андреа Бочелли Стамбулда концерт берді
Әлемге әйгілі итальян тенор Андреа Бочелли Стамбулда концерт берді

«Бешикташ Түпраш» стадионында ұйымдастырылған концертте әлемге әйгілі итальян тенор Андреа Бочелли «Vivere», «Vivo per Lei» және «Caruso» сияқты туындылармен қатар «Romanza» альбомынан таңдалған шығармалардан тұратын ерекше репертуар орындады.

Концертте арнайы қонақ ретінде Бочеллимен бір сахнаға шыққан Кенан Доғулу «Il Mare Calmo Della Sera» әнін шырқады.

Доғулу концерт алдында Анадолы агенттігінің (AA) тілшісіне жасаған мәлімдемесінде Бочеллидің көптеген жыл бойы өзі үлгі тұтқан идол өнерпаздардың бірі екенін атап өтіп, «Ол — ғажайып әнші, ұлы тұлға. Бүгін онымен бірге ән айту мен үшін өте үлкен мағынаға ие. Бұл мен үшін зор мақтаныш, әрі мансабымдағы маңызды бір парақ деп есептеймін», — деген ойларын жеткізді.

Шығармашылық жолында 5 рет «Грэмми» (Grammy) сыйлығына, 6 рет «Латын Грэмми» (Latin Grammy) сыйлығына үміткер ретінде көрсетілген Бочеллиге концертте дирижер Марчелло Рота, сопрано Серена Гамберони, баритон Роберто Де Канди және Анастасия Петришак серік болды.

Итальян тілінде ең көп сатылған альбом

Музыка сүйер қауымға 1997 жылы жол тартқан «Romanza» альбомы қысқа уақыт ішінде дүниежүзі бойынша 20 миллионнан астам тиражбен сатылды. 20-дан астам елде «Платина» және «Гауһар» (Diamond) сертификаттарына ие болған бұл туынды барлық заманның ең көп сатылған итальян тіліндегі альбомы болумен бірге ағылшын тілінен тыс тілдерде жарық көрген ең табысты альбомдардың бірі ретінде музыка тарихынан орын алды.

Сонымен қатар бұл альбом Бочеллидің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттырған ең маңызды еңбектерінің қатарында саналып отыр.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді