СПОРТ
1 ... минут оқылды
Криштиану Роналду футболдан кете ме?
Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду рекордтарға толы мансабынан кейін кәсіби футболдағы соңғы кезеңіне қадам басқанын хабарлады.
Криштиану Роналду футболдан кете ме?
Криштиану Роналду футболдан кете ме?

5 рет «Алтын доп» (Ballon d'Or) жүлдесін иеленген 41 жастағы португалиялық жұлдыз жуырда жұбайы Джорджина Родригеспен отбасын құрғаннан кейін “Vogue” журналына берген сұхбатында «Бұл бәлкім менің футболдағы мансабымның соңғы жылы болар, сондықтан артымда керемет мұра қалдырғым келеді», — деп мәлімдеді.

Болашағын толықтай жоспарлап қойғанын жеткізген Роналду отбасымен көбірек уақыт өткізуді асыға күтетінін айтты.

Футболдан кейін пайда болатын бос кеңістікті түрлі әуестіктермен толтыратынын білдірген тәжірибелі ойыншы саяхаттауды, өзі ұнататын падел ойнауды және 25 жылдық еңбек пен толассыз күрестен кейін қол жеткізген табыстарының қызығын көруді қалайтынын жеткізді.

1000 гол мақсаты

Осы жазда Португалия ұлттық құрамасымен өзінің алтыншы Әлем чемпионатында өнер көрсетіп, қарсылас қақпасын дәл көздеу арқылы рекорд жаңартқан Роналду осы уақытқа дейін клубтық және ұлттық құрама мансабында жалпы 976 голға жетті.

«Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» сияқты алып клубтардың жейдесін киген футболшы мансабында 1000 гол межесін бағындыруды мақсат етеді.

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен келісімшартының соңғы жылына аяқ басқан Роналдудың осы маусымдағы өнер көрсетуі оның тарихи мақсатына жете алу-алмауын айқындайтын болады.

Іздеу
Эбола індеті Конго Демократиялық Республикасындағы ең қауіпті індетке айналды
Украинаның зымыран шабуылында Белгород облысында 6 адам қаза тапты
Түркияның қыздар волейбол құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Түркия Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар Яловада еске алынды
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын атап өтті
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады