17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболда Түркия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының «А» тобындағы бесінші әрі соңғы матчында алаң иесі Чилиді 3:0 есебімен жеңді.
Түркия Волейбол федерациясының мәліметінше, Чили астанасы Сантьягода өтіп жатқан чемпионатта Түркия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды.
Топтағы бесінші әрі соңғы кездесуінде Чили құрамасын 25:16, 25:15 және 25:13 есебімен үш сетте ұтқан Түркия командасы топтық кезеңді 4 жеңіс және 12 ұпаймен екінші орында аяқтады.
Түркия құрамасы 1/8 финалда ертең Түркия уақытымен сағат 00:00-де Жапониямен кездеседі.



















