«The Times» газетінің хабарлауынша, Ресей шекарасы маңында Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Джон Хили мінген Ұлыбритания әскери-әуе күштері ұшағының байланыс және навигация сигналдарына кедергі келтірілген.
Жексенбі күні жарияланған ақпаратқа сәйкес, Хили Эстонияның оңтүстік-шығысына жасаған сапарынан қайтар жолда үкіметтік ұшақтың спутниктік байланыс сигналдарына кедергі келтірілгені хабарланды.
Ақпаратқа қарағанда, сигналдарға жасалған кедергі салдарынан ұшақтың «GPS» жүйесі үш сағаттық ұшу кезінде істен шыққан.
Бұл жағдай ұшақтағы ноутбуктер мен смартфондардың жұмысына да әсер етіп, салдарынан ұшқыштар әуе кемесінің бағыты мен орнын анықтау үшін инерциялық навигацияның резервтік жүйелерін қолдануға мәжбүр болған.
Басылымның мәліметінше, бұл оқиғаға Ресейдің қатысы болуы мүмкін.
Ұшқыштардың бірі мұндай жағдайға көптен бері тап болмағанын айтып, оқиғаны сирек кездесетін ерекше жағдай ретінде сипаттады.











