Министрліктің “Nsosyal” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған жазбада 33 жыл бұрынғы нәсілшіл Золинген шабуылында қаза тапқан 5 азамат құрметпен еске алынды.
Министірлік: «Шабуылда отбасы мүшелерінен айырылғанына қарамастан, сабырға шақыруымен үлгі боларлық ұстаным танытқан, 2022 жылы өмірден өткен данагөй ана Мевлүде Генчті де осы орайда тағы бір мәрте құрметпен әрі ризашылықпен еске аламыз», - деді.
Сондай-ақ Түркияның күшейіп келе жатқан нәсілшілдікке, шетелдіктерге өшпенділікке және исламға қарсы көзқарастарға қарсы күресін барлық алаңда табандылықпен жалғастыратыны атап өтілді.
Золинген қасіреті
Германияның Золинген қаласында 1993 жылғы 29 мамырда Генч отбасының Унтере Вернер көшесіндегі үйі өртелген болатын. Бұл шабуыл салдарынан Гүрсүн Индже (28), Гүлістан Өзтүрік (12), Хатидже (19), Хүлия (9) және Саиме Генч (5) қаза тапты.
Ұсталған қылмыскерлер Маркус Гартманн, Феликс Көнен, Кристиан Рехер және Кристиан Буххольц түрме жазасын өтегеннен кейін босатылды. Жеке деректері өзгертіліп, құпия сақталған шабуылшылар өмірін Германияда жалғастырып келеді.
Нәсілшілдік негіздегі шабуылда 5 жақынынан айырылса да, жылдар бойы түрік және неміс қоғамдарының бірлігі мен ынтымағына үндеген Мевлүде Генч 2022 жылғы 30 қазанда өмірден өтті.





















