Палестинаның «WAFA» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль сарбаздары Батыс Шерияның солтүстігіндегі Дженин қаласының орталығында тұратын палестиналық Фетхи Хазымның үйіне басып кірген.
Тінту кезінде Израиль сарбаздары Хазымға жауынгерлік оқпен оқ атқан. Ауыр жараланған палестиналыққа жедел жәрдемнің жетуіне Израиль тарапы рұқсат бермеген. Соның салдарынан ол көп қан жоғалтып, көз жұмды.
Израиль сарбаздары марқұмның мәйітін алып кеткен.
Оқиғаға қатысты Израиль билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Израиль армиясы 2023 жылдың қазанында Газа секторына шабуылдарын бастағаннан бері басып алынған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде палестиналықтарға қарсы рейдтер, шабуылдар айтарлықтай көбейген.




















