Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілі Хусейн Мухибби жаңа соғыс басталған жағдайда Иран бұрынғыдан өзгеше әрі жойқын қаруларды қолданатынын мәлімдеді.
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Мухибби елдің зымырандық әлеуетіне қатысты пікір білдірген.
Оның айтуынша, Сақшылар корпусы қолданатын зымырандардың оқтұмсықтарының жойқын күші бұрынғы соғыстарда пайдаланылған үлгілерден әлдеқайда жоғары.
«Егер жаңа соғыс басталса, біздің қаруларымыз бұрынғыдан өзгеше болады. Бұл айырмашылық оқтұмсықтардың жаңа буынынан, нысанаға дәл тию мүмкіндігінен, зымырандардың ұшу қашықтығынан және басқа да көрсеткіштерден байқалады», — деді Мухибби.
Мухиббидің айтуынша, Иранда қару өндіру және оны жетілдіру үдерісі үздіксіз жалғасып жатыр. Ол қарулардың күн өткен сайын дәлдігі жоғары, жойқын күші басым және технологиялық тұрғыдан анағұрлым жетілдіріліп жатқанын айтты.



















