Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтары үшін виза режимін жеңілдету туралы шешімін құптайтынын хабарлады.
Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Сағынбек Абдумуталип осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
Қытайдың Қырғызстанды 10 күндік визасыз транзит бағдарламасына енгізгенін және виза талаптарын жеңілдету туралы шешімін құптайтындарын білдірген Абдумуталип 20 тамыздан бастап Қырғызстан азаматтарының Қытайға 10 күнге дейін визасыз кіре алатынын еске салды.
Қытай сапарлар кезінде 10 күнге дейін визасыз транзит мүмкіндігін ұсынған елдердің қатарына енген Қырғызстанның азаматтары үшін үшінші елге немесе аймаққа өту шарты қойылғанын жеткізген Абдумуталип мынаны атап өтті:
«Егер Қырғызстан азаматы Бейжің, Шанхай немесе Қытайдың басқа бір қаласына визасыз барғысы келсе, таңдалған қалаға тікелей бару билетін және үшінші ел арқылы Қырғызстанға қайту билетін сатып алса жеткілікті. Мысалы «Шанхай-Алматы-Бішкек» немесе «Бейжің-Ташкент-Ош» бағдарламаларын пайдалануға болады».
Абдумуталип Қытай тарапының сондай-ақ Қырғызстан азаматтарына елдің оңтүстігіндегі Хайнань аралына 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат бергенін хабарлады.
Абдумуталип Қытай азаматтарының Қырғызстанға кіруінде виза режимінің жалғасып жатқанын атап өтті.
Бұл шешімнің екіжақты қарым-қатынастарға үлес қосатынын баса айтқан Абдумуталип: «Қытай тарапының бұл шешімді екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде сақталуы, реформалардың нәтижелері, Қырғызстандағы қауіпсіздік пен әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі, экономикалық өсім және мемлекет үшін маңызы бар құжаттарды дайындау процесіне толық бақылау орнатылуы аясында қабылдағанына сенеміз. Бұл шешім сауда мен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай жасайтынына сенімдімін», — деді.





















