Су астындағы әртүрлі міндетті орындауға арналған “DERİNGÖZ” минаға қарсы іс-қимыл, маңызды суасты инфрақұрылымдарын қорғау, суасты құбырларын бақылау, суасты барлау және порттарды қорғау міндеттерінде қолданыла алады.
Автономды түрде тапсырма орындау мүмкіндігімен ерекшеленетін жүйе су астындағы қауіпті әрі жетуі қиын аймақтарда адамның араласуын азайта отырып, барлау және бақылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
“ASELSAN” әлеуметтік желідегі парақшасында: «Тереңдіктің ұлттық көзі — “ASELSAN DERİNGÖZ” автономды суасты аппараты Гөлжүк суларында. Оны көргісі келетін барлық келушілерді “TEKNOFEST Mavi Vatan”-ға шақырамыз», - деп жазды.
“DERİNGÖZ” аппаратын 20-23 тамыз аралығында Гөлжүк кеме жасау зауыты қолбасшылығында өтетін және TRT ақпараттық серіктесі болып табылатын “TEKNOFEST Mavi Vatan” аясында келушілер жақыннан көре алады.



















