САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Барактың пікірінше, Нетаньяхудың Анкарамен арадағы шиеленісті өршітуінің астарында қоғамдағы алаңдаушылықты күшейтіп, сайлау алдында ұпай жинау мақсаты болуы мүмкін.
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады / Reuters Archive

Барак Нетаньяхудың Түркиямен қарым-қатынастағы шиеленісті «әдейі» ушықтыруын «ақылға қонымсыз әрекет» деп бағалады.

Ол сәрсенбі күні «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Қай себептің басым екенін айту қиын. Алайда сайлау қарсаңында қоғамдағы алаңдаушылықты күшейтетін қауіпсіздік мәселелерінің әдейі алға шығарылуынан саяси мүдде анық байқалады», — деді.

Түркияның «Иран да, Асад кезіндегі Сирия да емес» екенін айтқан Барак Анкарамен арадағы мәселелерді шешуге болатынын атап өтті.

«Түркиямен арадағы кез келген стратегиялық мәселені АҚШ-пен үйлестірілген жабық келіссөздер арқылы ұзақ мерзімде реттеуге, шиеленісті бәсеңдетуге немесе шешімін кейінге қалдыруға болады. Нетаньяху шектен шықты», — деп жазды ол.

Барактың айтуынша, соғыс мақсаттарының орындалмауы және алдағы саяси жеңіліс қаупі Нетаньяхуды Израильдің қауіпсіздігінен гөрі өз билігін сақтап қалуға басымдық беруге итермелеп отыр. Ол мұны құмар ойыншының әрекетіне теңеді.

«Оның ойланбай жасаған әрекеттері санаулы одақтастарымыз бен достарымызды қатты алаңдатып отыр», — деді Барак.

Ол сондай-ақ Нетаньяху келтірген  дипломатиялық залалды қалпына келтіруге ұзақ уақыт қажет болатынын айтып, соңында кері нәтиже беруі ықтимал мұндай қадамдарды жалғастырудың еш қисыны жоқ екенін айтты.

«Арандатушы әрі қауіпті»

Израиль оппозициясының жетекшісі Яир Голан Израильдің Сирияға жасаған соңғы шабуылын «арандатушылық сипаттағы қауіпті қадам» деп атап, оның ел мен одақтастарының, әсіресе АҚШ-тың арасындағы алшақтықты одан әрі тереңдеткенін айтты.

Израиль демократтары партиясының жетекшісі Голанның айтуынша, бұл шабуыл Израиль мен Түркия арасындағы қақтығыс қаупін одан әрі күшейткен.

Ол «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Әскери күш тағы да саяси мүдделер үшін пайдаланылып отыр, ал оның қауіпсіздік саласындағы зардабын тағы да Израиль тартып жатыр», — деді.

Голан Нетаньяхуды аймақта тұрақтылық орнатуға қабілетсіз, шектен шыққан әрі сенімсіз саясаткер деп айыптады.

 

Іздеу
Ресейдің Башқұртстан аймағындағы мұнай өңдеу зауыты шабуыл салдарынан зақымданды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
Иран Мәжілісінің төрағасы Калибаф Иракқа сапарын Сүлейманиге тағзым етуден бастады
Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды мақұлдауға шақырады
Трамп Ормуз бұғазын 'АҚШ территориясы' ретінде бейнелейтін суретті жариялады
Сирияда газ тасымалдайтын құбыр желісінде жарылыс болды
Гөлжүкте «Көгілдір Отан» толқыны: TEKNOFEST-ке тіркелу басталды
Түркия жаһандық жасанды интеллект орталығы болу жол картасын іске қосты
Франция орман өрттерімен күреске қолдау көрсеткен  елдерге алғыс айтты
Аракчи: «АҚШ-пен жасалған келісімді жүзеге асыруға ең үлкен кедергі – Израиль»
Нетаньяху мен Кушнер Газа мәселесінде келісе алмады
Ирак Эрбильдегі шабуылдардан кейін Ираннан ресми мәлімдеме талап етті
Криштиану Роналду футболдан кете ме?
Филиппиндегі бір мектепте болған қарулы шабуылда 4 адам қаза тапты
Израиль Сирияның Әбу Зухур әскери әуежайына шабуылдады