Израиль сәрсенбі күні 2024 жылы 29 қаңтарда Раджабтың және 2025 жылы наурыз айында Газада 15 жедел жәрдем және гуманитарлық көмек қызметкерінің өз сарбаздары тарапынан өлтірілуіне қатысты ішкі қылмыстық тергеу бастайтынын мәлімдеді.
Израиль бұған дейін бұл өлімдерге қатысты барлық мәліметті жоққы шығарып келген. Бірнеше айдан кейін жүргізілген алдын ала тергеуде өз күштерінің «көліктің маңында болмағанын және оқ ату қашықтығында тұрмағанын» анықтағанын мәлімдеген еді.
Раджаб Газаның солтүстігінде көлікпен келе жатқан отбасының жеті мүшесінің бірі болған. Көлік Израиль күштерінің оғынан зардап шекті.

Алғашқы шабуылдан аман қалған Раджаб бірнеше сағат бойы Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамының парамедиктерімен телефон арқылы сөйлесіп, көмек сұраған.
Оны құтқаруға жіберілген жедел жәрдем көлігі де оқ астында қалды.
Раджабтың денесі Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірнеше сағатқа созылған шарасыз телефон әңгімесінен кейін онымен соңғы рет байланыс орнатылғаннан 12 күн өткен соң, оқ тескен көліктің ішінен табылды.
Раджабтың парамедиктермен телефон арқылы сөйлескен аудиожазбалары халықаралық деңгейде наразылық туғызып, оның өліміне және Газада қаза тапқан мыңдаған басқа баланың өліміне жауаптыларды жауапқа тарту талаптарын күшейтті.
Осы оқиға бойынша түсірілген «The Voice of Hind Rajab» (“Хинд Раджабтың үні”) фильмі 2026 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.



















