Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров ел астанасы Астанада өткен брифингте Қазақстанда 12 миллион 623 мың 289 азаматтың дауыс беру құқығы бар екенін, 9 мың 865 сайлаушының болса шетелде екенін мәлімдеді.
Әбдіровтің айтуынша, сайлауға 9 миллион 351 мың 539 адам қатысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 74,08 пайызды құрады.
Сайлаудың алдын ала қорытындысына сәйкес, додаға қатысқан жеті саяси партияның ішінде «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинап, айқын басымдықпен бірінші орынға шықты. «Ауыл» партиясы 6,26 пайызбен екінші, ал “Respublica” партиясы 5,56 пайызбен үшінші орынға ие болды.
Жеті саяси партияның бесеуі Құрылтайға өту құқығына ие болды
«Ақ жол» демократиялық партиясы 5,21 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 5,11 пайыз, Қазақстан Халық партиясы 3,11 пайыз, ал Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 1,07 пайыз дауыс жинады. «Бәріне қарсымын» нұсқасын таңдағандардың үлесі 2,51 пайызды құрады.
Сайлауға қатысқан жеті саяси партияның бес пайызық межеден өткен бесеуі Қазақстанның бір палаталы Құрылтайына өту құқығына ие болды.
Биліктегі «Әділет» партиясы, сондай-ақ «Ауыл» партиясы, “Respublica” партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 145 орындық Құрылтайда өкілдік етеді.
Қазақстанда кеше бір палаталы Құрылтайдың алғашқы құрамын анықтау үшін сайлау өткен болатын.




















