Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибраһим Калын Анкарада Мысыр Бас барлау қызметінің басшысы Хасан Рашидпен кездесті.
Қауіпсіздік дереккөздерінің мәліметінше, сейсенбі күні өткен кездесуде тараптар Газадағы атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңін талқылады.
Калын мен Рашид мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін үйлестіру мен ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыруға уағдаласты. Калын Түркияның бұрынғыдай Палестина халқын қолдайтынын атап өтті.
Сондай-ақ кездесуде екі ел арасындағы қатынастар, Ливияның шығысы мен батысындағы басқару құрылымдары мен әскери күштерді біріктіру және Сомалидегі ахуал қаралды.
Тараптар Судан Қарулы күштері мен әскерилендірілген Жедел қолдау күштері арасындағы жалғасып жатқан қақтығыстарды да талқылады.





















