САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран тарапының кездесуге өтініш білдіргенін мәлімдеп, ертең Дохада жиын өтетінін жариялады.
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Дональд Трамп

Трамп бұл мәселеге қатысты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Президент Трамп: «Иран кездесу өткізу туралы өтініш тастады. Жиын ертең Дохада ұйымдастырылады», — деген сөздерді қолданды.

АҚШ-та орналасқан «Axios» ақпараттық порталы аты-жөнін көрсетпеген жоғары лауазымды америкалық шенеунікке сілтеме жасап таратқан хабарында, АҚШ пен Иран бір-біріне бағытталған шабуылдарды тоқтату жөнінде келісімге келгенін және Ормуз бұғазына қатысты келіспеушіліктерді шешу мақсатында 30 маусымда Катарда кездесу жоспарлағанын хабарлаған болатын.

Иран мен АҚШ арасындағы өзара түсіністік меморандумы бойынша келіссөздер

Катар мен Пәкістанның араағайындық етуімен Швейцарияда өткен Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі 21 маусымда аяқталған еді. Келіссөздер барысында 14 баптан тұратын өзара түсіністік меморандумын жүзеге асырудың техникалық егжей-тегжейлері талқыланды.

Дәнекерлік жасаушы елдер — Катар мен Пәкістанның Сыртқы істер министрліктері жариялаған бірлескен мәлімдемеде қол қойылған меморандум аясында «араағайындық күш-жігердің саяси қырларын қадағалау үшін жоғары деңгейдегі комитет құру туралы келісімге келгені» білдірілді.

Сондай-ақ тараптардың 60 күн ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізуді көздейтін жол картасы бойынша уағдаласқаны атап өтілді.

Іздеу
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Түркия мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері жер сілкінісінен кейін көмек мәселесін талқылады
Ұлттық құрама жеңіспен қоштасты: Түркия 3 - АҚШ 2
Ресей жауап ретінде Румынияның бас консулын елден шығарды
Президент Ердоған Венесуэлаға қолдау білдірді
БҰҰ эвакуация жоспары аясында кемелер Ормуз бұғазы арқылы өте бастады
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Трамп: «НАТО саммитіне Ердоған үшін қатысамын»
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
БҰҰ: Израильдің балаларды әдейі нысанаға алуы — Газада жалғасып жатқан геноцидтің бір бөлігі