ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов Мәскеудің әуе қорғанысын күшейту мақсатында біріктірілген ақпараттық жүйе мен жасанды интеллект негізіндегі шешім қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеп жатқанын мәлімдеді.
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ресей Қорғаныс министрлігінің бейнежазбасынан алынған бұл суретте Ресей Қорғаныс министрі Андрей Белоусов Мәскеудегі жиында сөз сөйлеп тұр. / AP

Белоусов дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Ресей қараша айына дейін ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына қарсы әуе қорғаныс жүйесіне жасанды интеллект негізіндегі шешім қабылдау тетігін енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Мәскеуде әскери тілшілермен өткен кездесуде сөйлеген министр бұл жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс жеті қорғаныс бастамасының бірі екенін және оның азаматтық компаниялармен бірлесіп әзірленіп жатқанын жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді

«Әуе қорғанысы саласында бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл – жыл соңына дейін іске асырылуы тиіс жеті жобаның бірі. Алғашқы нәтижелер қараша айына дейін көрінеді деп күтілуде», – деді Белоусов.

Оның айтуынша, Ресей сәуір айынан бері дрон шабуылдарына қатысты жағдайды жедел бақылауға арналған біріктірілген ақпараттық жүйе құрып келеді. Сонымен қатар командирлерге нысаналарды анықтауға, ұрыс алаңын бақылауға және әскери операцияларды басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету тактикалық деңгейден бастап кезең-кезеңімен енгізілуде.

Белоусов сондай-ақ Ресейдің Украинадағы әскери операцияларға қатысатын барлық бөлімшесінде ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы көпқабатты қорғаныс жүйесі құрылғанын және дрондарға қарсы мобильді атыс топтары белсенді түрде орналастырылып жатқанын айтты.

Іздеу
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
Түркия Израильді айыптады
Еуропада аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артуда
«Түрік жұлдыздары» Бельгияда көрерменнің қошеметіне бөленді
Сауд Арабиясында тікұшақ апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты
Францияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Түркия жел энергиясы бойынша әлемде 5-ші, күн энергиясы бойынша 10-шы орында
Түркия мен Словения екіжақты қатынастарды нығайтуға деген міндеттемелерін растады
НАТО Парламенттік Саммитіне 20 парламент төрағасы қатысады
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Түркия мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері жер сілкінісінен кейін көмек мәселесін талқылады
Ресей Қорғаныс министрлігі: «Украинаның 660 дроны тойтарылды»