САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Дональд Трамп “Truth Social” платформасында «Иран кездесу өткізуді сұрады. Кездесу ертең, яғни бүгін Дохада өтеді», – деп жазған еді. Алайда Иран бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеме жасауда (04.05.2026)

Парсы шығанағы аймағындағы өзара шабуылдардан кейін АҚШ өкілдерінің жоғары деңгейдегі бейбіт келіссөздер өткізу үшін Катар астанасы Дохаға жол тартқаны хабарланды. Ал Тегеран билігі АҚШ-пен жоспарланған қандай да бір кездесу жоқ екенін мәлімдеді.

Ақ Үй өкілдері АҚШ атынан Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Арнайы өкіл Стив Уиткоффтың Дохаға баратынын хабарлады.

Дональд Трамп та Truth Social әлеуметтік платформасында жариялаған жазбасында: «Иран кездесу өткізуді сұрады. Кездесу ертең, яғни бүгін Дохада өтеді», – деп жазған еді.

Алайда Иран бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бекаи «алдағы күндері Иран мен АҚШ арасында ешқандай кездесу жоспарланбағанын» айтты.

Бекаидің сөзінше, ирандық техникалық делегация осы аптада Катарға барады, алайда бұл сапардың АҚШ өкілдерінің елге келуімен ешқандай байланысы жоқ.

Екі ел шамамен екі апта бұрын төрт айға созылған соғысты тоқтату мақсатында қол қойылған уақытша келісімді бұзды деп бір-бірін айыптап отыр.

Соңғы күндері Парсы шығанағында өзара шабуылдардың күшейгені байқалады. Иран жексенбі күні теңіз және әуе күштері Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ әскери нысандарын көздеген бірлескен зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараты операциясын жүргізгенін мәлімдеп, жаңа заңбұзушылықтарға қатаң жауап берілетінін ескертті.

Уақытша келісім аясында Иран байытылған уран қорын азайтуға, ал АҚШ санкцияларды жеңілдетіп, тараптарға түпкілікті келісімге келу үшін 60 күн уақыт беруге тиіс болатын.

Аймақтағы қақтығыстар бір айдан астам уақыттан бері әлемдік энергетикалық дағдарысқа себеп болып отырған Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысына және жаһандық мұнай жеткізіліміне тікелей әсер етуде.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Іздеу
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
Түркия Израильді айыптады
Еуропада аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артуда
«Түрік жұлдыздары» Бельгияда көрерменнің қошеметіне бөленді
Сауд Арабиясында тікұшақ апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты
Францияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Түркия жел энергиясы бойынша әлемде 5-ші, күн энергиясы бойынша 10-шы орында
Түркия мен Словения екіжақты қатынастарды нығайтуға деген міндеттемелерін растады
НАТО Парламенттік Саммитіне 20 парламент төрағасы қатысады
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Түркия мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері жер сілкінісінен кейін көмек мәселесін талқылады
Ресей Қорғаныс министрлігі: «Украинаның 660 дроны тойтарылды»