САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия бастаған төрт ел маңызды келісімге қол қойды
Бүгін Дохада Түркия, Катар, Индонезия және Пәкістанның қорғаныс министрліктері арасында көпжақты «Бедир» өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойылды.
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Түркия, Катар, Индонезия және Пәкістанның қорғаныс министрлері

Құжатқа Катар премьер-министрінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі шейх Сауд бен Абдулрахман бен Хасан Әл Сани, Индонезия Қорғаныс министрінің орынбасары Юсуф Джаухари, Пәкістан Қорғаныс министрі Хаваджа Мұхаммед Асиф және Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер қол қойды.

Меморандум әскери өндіріс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, төрт елдің әскери әлеуетін арттыруға, сондай-ақ әскери-техникалық білім беру, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер бағытындағы бірлескен жұмысты қолдауға бағытталған. Бұл бастама заманауи қорғаныс жүйелерінің дамуына сай жаңа технологиялық шешімдер мен өндіріс салаларын қалыптастыруға ықпал етпек.

Сонымен қатар келісім мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастықтың аясын кеңейтуге, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы байланыстарды дамытуға, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға және ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін көпжақты серіктестікті тереңдетуге мүмкіндік береді.

Іздеу
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
АҚШ сенаторы Сандерс Израильге әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды
Украинаға “Patriot” зымырандарын беру мәселесі шешілмеді
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Франция президенті Парсы шығанағы елдеріне сапарын бастады
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Палестина балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады