САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы екі ел арасындағы келіссөздер оң нәтиже беріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Мохсен Резаи

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Мохсен Резаи АҚШ президенті Дональд Трампты Иран бірнеше рет мәлімдеген жеті талапты қабылдауға шақырды.

Мохсен Резаи «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Дональд Трамптың Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы мәлімдемелеріне пікір білдірді.

«Иранға қарсы жүргізілген соғыс АҚШ үкіметін әлдеқашан күйретті. Алайда Вашингтон жеңілгенін мойындағысы келмейтін құмар ойыншыдай әлі де жанталасып жатыр», – деген Резаи АҚШ-ты жеңілгенін мойындауға шақырды.

Трамптың Иранмен келіссөздер жақсы жүріп жатқаны туралы мәлімдемесіне тоқталған Резаи мұндай келіссөздерді «ойдан шығарылған», ал олар туралы хабарларды «жалған» деп атады.

«Батыс Азиядағы жаңа тәртіпті мойындаудан бас тартуды тоқтат. Иран бірнеше рет ұсынған жеті талапты қабылдайтын уақыт жетті», – деді ол.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ Үйде өткен баспасөз мәслихатында Иранмен келіссөздердің жақсы жүріп жатқанын, бұл үдерістің жақын арада аяқталатынына үміттенетінін және жаңа әскери операция жүргізудің қажеті жоқ деп санайтынын айтқан болатын.

Тегеранның Вашингтонға ұсынған жеті талабы мыналарды қамтиды: теңіз блокадасын алып тастау, Ормуз бұғазы арқылы сауда және мұнай тасымалдайтын кемелердің қауіпсіз өтуіне кепілдік беру, біржақты санкцияларды жою, мұнай экспортына қатысты санкциялардан босату, бұғатталған активтерді босату, ядролық материалдардың Иран аумағында сақталуын қамтамасыз ету, соғысты тоқтату.

Іздеу
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»