ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Әуе қорғанысы үшін 780 миллион еуро көлемінде келісім жасалды
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы арасында Әуе қорғанысы жүйелерін жеткізуге арналған жалпы құны 780 миллион еуролық келісімшартқа қол қойылды.
Әуе қорғанысы үшін 780 миллион еуро көлемінде келісім жасалды
Әуе қорғанысы үшін 780 миллион еуро көлемінде келісім жасалды

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының үйлестіруімен әзірленген және әуе қорғанысына қатысты барлық құрамдас бөлікті қамтитын «Болат күмбез» жобасы Түркияның көпқабатты әуе қорғанысы архитектурасын қалыптастыратын отандық «жүйелердің жүйесі» ретінде ерекшеленеді. «Болат күмбез» кез келген қауіп-қатерге қарсы тұра алады.

Барлық деңгейлері толықтырылып, қарулы күштер қатарына енгізілген «Болат күмбездің» ең төменгі қабатында дрондар тобы мен камикадзе дрондарына қарсы «Dronedef» жүйелері, «KORKUT» және «GÜRZ» тәрізді кешендер, сондай-ақ түрлі биіктікке арналған радарлар орналасқан. Жүйенің ортаңғы қабатында «HİSAR», ал жоғарғы қабатында «SİPER» әуе қорғанысы жүйелері бар.

Қару жүйелерін, радарларды, электро-оптикалық шешімдерді, байланыс модульдерін, басқару-бақылау орталықтарын және жасанды интеллект технологияларын біріктіретін «Болат күмбез»  ̶  Түркия әуе қорғанысының негізгі орталығы.

«Болат күмбез» құрамындағы барлық жүйенің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін «HAKİM» басқару шешімі, бақылау-анықтау жүйелері мен байланыс технологиялары да «ASELSAN» тарапынан әзірленуде.

Әуе қорғанысы қабілеті «ASELSAN»-ның жарты ғасырдан астам уақыт бойы жинақтаған технологиялық тәжірибесі негізінде қалыптасқан стратегиялық маңызы зор мүмкіндік ретінде бағаланады. Күн сайын жаңа мүмкіндіктермен толықтырылып отырған «Болат күмбез» жаңа құрамдас бөліктер арқылы қуатын одан әрі арттыруда.

Іздеу
Киевтегі тарихи собор Ресей шабуылынан өртке оранды
Сыртқы істер министрі Фидан: "АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптаймыз"
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Грекия Сыртқы істер министрі Сербияны қолдады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Харк аралы туралы не білеміз?
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»