ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Канада премьер-министрі Марк Карни Түркияны «НАТО-дағы аса маңызды одақтас әрі өңірдегі ықпалды күш» деп атады.
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Канада премьер-министрі Марк Карни

Торонто қаласында журналистердің сұрақтарына жауап берген Марк Карни Түркиямен қарым-қатынас туралы пікір білдірді.

Марк Карни: «Түркия — НАТО-дағы өте маңызды одақтас. Балқаннан Таяу Шығысқа, Кавказға және одан әрі созылатын кең аймақта Түркия ең маңызды стратегиялық серіктестердің әрі ықпалды күштердің бірі», - деді.

Марк Карни сондай-ақ «Біз Түркиямен қарым-қатынасымызды тереңдетудеміз», — деп 7–8 шілдеде Анкарада өтетін НАТО көшбасшылары саммитіне қатысатынын және жыл соңына қарай Түркияға сапарлауды жоспарлап отырғанын айтты.