ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Сыртқы істер министрі Фидан: "АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптаймыз"
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: «Аса құрметті президентіміздің жетекшілігімен өңірімізде бейбітшілік, тыныштық және тұрақтылықты қамтамасыз етуге деген қолдауымыз үздіксіз жалғасады», – деді.
Сыртқы істер министрі Фидан: "АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптаймыз"
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан (АА мұрағаты)

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Хакан Фидан әлеуметтік желідегі парақшасында мынадай мәлімдеме жасады:

«Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Иран арасындағы соғысты тоқтату мақсатында қол жеткізілген келісімді құптаймыз.

Аталған келісім өңірде  бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызды кезең. Қосымша келіссөздердің де сындарлы жалғасатынына үміттенеміз.

Осы маңызды қадам басқан тараптарды, сондай-ақ делдалдық атқарған Пәкістанды және ең алдымен Катарды, сондай-ақ үдеріске үлес қосқан өзге мемлекеттерді құттықтаймыз.

Қол жеткізілген келісімді бұзуға бағытталған әрекеттердің алдын алу және өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін барлық мүдделі елдің байыпты әрі жауапты ұстаным танытуы аса маңызды.

Түркия ретінде біз аса құрметті президентіміздің жетекшілігімен бұл үдеріске басынан бастап зор қолдау көрсетіп, елеулі күш-жігер жұмсадық. Өңірімізде бейбітшілік, тыныштық және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған қолдауымыз үздіксіз жалғасады».

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран мен АҚШ толық келісімге қол жеткізілгенін хабарлады
ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі