МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Түркияда 5 000 жылдық арпа дәндері табылды
Бұл жаңалық аймақ ауыл шаруашылығы мен қоныстануы туралы маңызды мәліметтер береді. Пеш, қыш ыдыстар мен дән үгітетін тастардан тұратын, жақсы сақталған асүй орны ˗ үлкен ғылыми маңызы бар жаңалық болып отыр.
Түркияда 5 000 жылдық арпа дәндері табылды
Түркияда 5 000 жылдық арпа дәндері табылды / AA

Археологтар Түркияның шығысындағы Ван өңірінде орналасқан Иремир төбешігінде ерте қола дәуіріне жататын шамамен 5 000 жыл бұрынғы көмірге айналған арпа дәндерін тапты.

Йүзүнжү Йыл университеті Әдебиет факультеті археология кафедрасының оқытушысы және қазба жұмыстарына жетекшілік еткен профессор Ханифи Бибер: «Табылған заттар аймақта егіншілік мәдениетінің дамығанын көрсетеді», - деді.

Қазба кезінде пеші бар асүй, қыш ыдыстар, астыңғы және үстіңгі үгіткіш тастар, ұсақ мал сүйектері және сынған үлкен құмыраның ішінен және айналасынан арпа дәндері табылған.

Бибердің айтуынша, зерттеушілер әр түрлі дәуірге жататын сегіз мәдени қабат анықтаған бұл төбешікте аймақтағы ең көне қоныс орны табылған. Профессор негізгі қабаттардың ерте қола дәуірінде Шығыс Анадолы мен Оңтүстік Кавказға таралған Кура-Аракс (ерте Транскавказ) мәдениетіне тиесілі екенін атап өтті.

«Биылғы зерттеу жұмыстарымызда 2023 жылы ашылған қойма ғимаратының айналасын тазалау кезінде, ғимараттың солтүстік қабырғасына жапсарлас пеш пен қыш ыдыстарды анықтадық. Бұл заттар өз орнында  сақталғандықтан біз үшін өте маңызды»,- деді ғалым.

Сонымен қатар археологтар кеш неолит немесе өтпелі кальколит кезеңіне жататын кейбір қыш ыдыс сынықтарын да анықтаған. Төбешік маңындағы тағы бір жерде қойма ғимаратының қалдықтары, сондай-ақ үгіткіш тастар, обсидианнан жасалған кескіш және бұрғы құралдар, сүйектен жасалған бұйымдар табылды.

Ғалым: «Бұл деректер Ван көлі аймағының, әсіресе Гүрпынар жазығының ежелгі тарихын жарыққа шығарады»,-деді.

Қазбаға қатысқан археолог Хакан Йылмаз да табылған мал сүйектері аймақтағы Урартуға дейінгі егіншілік пен мал шаруашылығы туралы құнды ақпарат беретінін айтты. Йылмаздың айтуынша, табылған сүйектердің ішінде ұсақ және ірі малдың, сондай-ақ жабайы ешкі, бұғы және аюдың сүйектері бар.

«Әрбір қабаттан табылған қыш ыдыстарды, үгіткіш тастар мен арпаларды жеке-жеке зерттеп жатырмыз. Осы деректер арқылы ежелгі шаруашылық құрылымын анықтаймыз. Бұл өңірде әдетте Урарту бекіністері мен некропольдерінде қазба жүргізілетін, ал мұнда осы аймақтағы ең ерте қоныс орны зерттеліп жатыр»,- деді ол.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті