ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
АҚШ 28 ақпанда Иранға қарсы басталған шабуылдарда бұл ұшақтардың пайдаланылғанын мәлімдеген болатын.
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
(МҰРАҒАТ) АҚШ-тың Иранда B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайтадан қолдана бастағаны айтылуда.

АҚШ армиясы Ирандағы операцияларда B-1 стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны туралы ақпарат тарады.

“Axios” басылымының америкалық шенеуніктерге сілтеме жасаған хабарында АҚШ-тың Ирандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандарына соққы беру үшін B-1 ұшақтарын қайта пайдаланып жатқаны айтылған.

Хабарға сәйкес, бұл ұшақтар Ұлыбританиядағы әуе базасынан көтерілген. Ұшақтардың Иран аумағында болғаны әуе қозғалысын бақылайтын онлайн платформалар арқылы да байқалғаны хабарланды.

АҚШ бұған дейін 28 ақпанда Иранға қарсы бастаған шабуылдарда B-1 ұшақтарының қолданылғанын растаған еді. Алайда 12 күн бұрын қайта басталған әскери операциялар барысында бұл ұшақтардың пайдаланылғаны жөнінде ресми ақпарат жарияланбаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты