ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі жергілікті қорғаныс компанияларына НАТО-ның сатып алу бағдарламаларына қатысуға және одақтың ортақ қаржысынан үлес алуға мүмкіндік беретін нұсқаулық жариялады.
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді.

НАТО-ның жаңа «Front Door» бастамасы шамамен 5,3 миллиард еуро көлеміндегі ортақ қордың қолдауымен қорғаныс компаниялары мен одақ мекемелері арасындағы ынтымақтастықты жеңілдетуді көздейді.

Анкарада өткен НАТО саммитінде таныстырылған «Front Door» тетігі қорғаныс өнеркәсібі компанияларының НАТО-ның сатып алу және инновациялық жобаларына қатысуына мүмкіндік беретін бірыңғай кіру нүктесі ретінде әзірленді.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс компанияларына НАТО-ның ортақ қорынан қаржы алуға көмектесу үшін сатып алу үдерістеріне қатысты арнайы нұсқаулық жариялады.

НАТО ортақ қор қаражатын басқару және бақылау жүйелері, бағдарламалық жасақтама, құрылыс жобалары мен киберқауіпсіздік сияқты маңызды қажеттіліктерді қаржыландыруға жұмсайды. Ал мүше елдер ұшақ пен кеме секілді ірі әскери техниканы өздері сатып алып,  одақ операцияларына пайдалануға береді.

Логистикалық жабдықтау желісін кеңейту

Жаңа «Front Door» бастамасы ірі қорғаныс компанияларынан бастап шағын кәсіпорындарға дейін әртүрлі көлемдегі ұйымдарға қызмет көрсетуді және НАТО-мен байланыс орнатуға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды көздейді.

Бастама сондай-ақ НАТО-мен ынтымақтастық үдерістерін жеңілдетіп, одақтың шығыс қанатындағы әскери күшейту шараларын және Жоғары дайындықтағы бірлескен жедел әрекет ету күшін (VJTF) қоса алғанда, НАТО-ның жедел әрекет ету күштерін қолдайтын логистикалық қамтамасыз ету жүйесін кеңейтуді мақсат етеді.

Тендер үдерісінің жеті кезеңі

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі жариялаған нұсқаулықта түрік компанияларының НАТО тендерлеріне қатысуы үшін орындауы қажет жеті қадам көрсетілген.

Нұсқаулыққа сәйкес, компанияларда НАТО талаптарына сай нысанның қауіпсіздік куәлігі болуы, министрлікте тіркелуі, тендер мүмкіндіктерін тұрақты бақылап отыруы және тендерге қатысу үшін нақты жобаға қатысты сәйкестік құжатын алуы қажет.

 

Іздеу
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті
Сомалидегі түрік әскерінің қызмет мерзімі екі жылға ұзартылды
ASEAN Түркияға Диалог серіктесі мәртебесін берді
Түркия: «Монтрё конвенциясының талаптарын 90 жылдан бері бұлжытпай орындап келеміз»
Түркия мен Палестина Испанияны құттықтады
Президент Ердоған: «Кипр түрік халқын ешқашан жалғыз қалдырмаймыз»
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Хакан Фидан: "Біздің тілегіміз - Иран мен Америка келісімге тезірек қайта оралсын"
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы Зұлмат мұражайына барды
15 шілдеден кейінгі сыртқы саясат және Түркияның келешекке арналған стратегиялық бағдары
Министр Фидан: «Украинаға сапарымыз өте нәтижелі өтті»
Ресей Түркияға алғыс айтты
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Татлыоглу Латакияға ресми сапармен барды
Президент Ердоған Пәкістан Қорғаныс күштері қолбасшысы Мунирді қабылдады