Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақ деректерінің бұрынғы және қазір қызметтегі кейбір неміс және орыс лауазымды тұлғалардың осы айда Бакуде құпия кездесу өткізгенін көрсететінін білдірді.
Берлинде Канцлер Фридрих Мерцпен өткізген кездесуінен кейін сөйлеген Әзербайжан президенті Бакудің бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан хабарлардан кейін бұл сапарларды зерттегенін айтты.
Әлиев: «Бұл мәселеге қатысты Германиядан да, Ресейден де ешқандай ақпарат алмадық. Басқаша айтқанда, аумағымызды бізден хабарсыз қолданды», — деді.
«Ұшақ деректері Бакуде кездесу өткізілгенін көрсетеді»
Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға қарсы соғыс бастағаннан бері Мәскеумен де, Киевпен де қарым-қатынасын сақтап келе жатқан Әзербайжан батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қосылмай, Украинаға гуманитарлық көмек көрсетті.
Бұрынғы жоғары лауазымды неміс шенеуніктері Рональд Пофалла мен Маттиас Плацектің 2024 жылдан бері Ресей президенті Владимир Путиннің сенімді одақтастарымен, соның ішінде «Газпром» басқарма төрағасы әрі бұрынғы премьер-министр Виктор Зубковпен де жасырын кездесулер өткізгені хабарлануда.
Президент Әлиев ұшақ деректерінің бір кездері бұрынғы Канцлер Ангела Меркельдің аппаратын басқарған Пофалла мен ГСДП-ның (Германия социал-демократиялық партиясы) бұрынғы федералдық төрағасы Плацектің 12 шілдеде Берлиннен Бакуге ұшып келіп, 14 шілдеде кері қайтқанын көрсететінін айтты.
Әлиев шілде айындағы сапарға қатысты басқа егжей-тегжейлі мәлімет бере алмайтынын ескертіп, «Егер бұл кездесу Украина-Ресей соғысын аяқтататын болса... онда әрине мұны құптаймыз», — деді.






















