ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен ЕО теміржол жүк тасымалы бойынша ынтымақтастықты арттыруда
Министр Уралоглу ЕО мен Түркия бірлесіп қаржыландыратын «U-IMT» жобасының мақсаты теміржол жүк тасымалының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Орта дәліздің өткізу әлеуетін күшейту екенін айтты.
Түркия мен ЕО теміржол жүк тасымалы бойынша ынтымақтастықты арттыруда
Түркия мен ЕО теміржол жүк тасымалы бойынша ынтымақтастықты арттыруда

Түркия мен Еуропалық одақ «Түрік теміржол секторында интермодальды тасымалдау қызметтерін күшейту» жобасының аяқталуына байланысты теміржол жүк тасымалы мен көлік байланысы саласындағы ынтымақтастықты атап өтті.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу «Nsosyal» платформасындағы жазбасында «U-IMT» жобасының отырысы ЕО-ның даму мәселелері жөніндегі комиссары Марта Костың қатысуымен өткенін хабарлады.

Министр Уралоглу: «Орта дәліздің тасымал қуатын арттырып, Түркияның жаһандық саудадағы стратегиялық орнын одан әрі нығайтатын ортақ мақсаттар жолындағы жұмысымызды жалғастырудамыз», – деді.

ЕО мен Түркия бірлесіп қаржыландырған жоба Түркия теміржол секторында интермодальды жүк тасымалы қызметтерін дамытуға, сондай-ақ қауіпсіз, экологиялық таза әрі теңгерімді көлік жүйесіне көшуді қолдауға бағытталған.

Жоба аясында интермодальды жүк тасымалы бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу, стратегиялық инфрақұрылым қажеттіліктерін анықтау және Түркияның көлік органдарының институционалдық әлеуетін күшейту көзделеді.

Орта дәліз яғни Транскаспий халықаралық көлік бағыты  ̶  Түркия, Кавказ және Орталық Азия арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын балама сауда жолы ретінде маңызға ие.

Министр Уралоглу бағдарламаға қатысып, Түркия–ЕО ынтымақтастығына үлес қосқаны үшін Косқа алғыс айтты.

Іздеу
Иран қауіпсіздікті күшейту үшін шекараға әскер орналастырды
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Қытайда жеңіл ұшақтардың ұшуына шектеу қойылды
Батыс Шерияда  жаңа қоныстану жоспары әзірленгені алға тартылды
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Иран президенті: "Катарда бұғатталған 12 миллиард долларлық активтің жартысы елге оралады"
Президент Ердоған: "НАТО Анкара саммиті тәжірибе алмасудың ең қуатты тұғыры болады"
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
«Израильдің басқыншылық әрекеттерінің тоқтауы – әлемдік бейбітшіліктің кепілі»