Министрлер кабинеті екі апталық үзілістен кейін президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен маңызды күн тәртібі бойынша жиналады.
Сыртқы саясатта басты назар 19 маусымда Швейцарияның Женева қаласында қол қойылуы жоспарланған АҚШ пен Иран арасындағы бейбітшілік келісіміне ауып отыр.
Тұрақты бейбітшілік орнату жолында белсенді дипломатиялық күш-жігер жұмсап келе жатқан Түркия оқиғаларды жіті бақылауда.
Министрлер кабинеті отырысында Вашингтон мен Тегеран арасындағы келісім үдерісі де талқыланбақ.

Шығыс Жерорта теңізіндегі арандатушылық әрекеттер талқыланады
Жиынның тағы бір маңызды тақырыбы Шығыс Жерорта теңізі мен Кипрдегі арандатушылық әрекеттер болмақ.
Түркия Израильмен жақындасқан Кипр грек әкімшілігінің Франциямен әскери келісімге қол қоюын «аралдағы іріткі» деп бағалады.
Отырыста Түркия мен Кипр түріктерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында атқарылатын шаралар талқыланады.
Сондай-ақ Анкарада өтетін НАТО саммиті де Министрлер кабинетінің күн тәртібінде.
Жиында одақ тарихындағы ең маңызды кездесулердің бірі ретінде сипатталған саммитке дайындық барысы қаралады.
«Террорсыз Түркия» бастамасының қазіргі ахуалы
«Террорсыз Түркия» бастамасы аясында қол жеткізілген нәтижелер де Министрлер кабинеті отырысында талқыланады.
Экономика күн тәртібінде Орта мерзімді бағдарлама мен 12-ші даму жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан экономикалық бастама, сондай-ақ нарықтағы соңғы ахуал бағаланады.


















